13/04/2022
Рамазан айы құтты болсын!❤️
Әне міне дегенше 1ші он күндігіде аяқталып қалды🥺
Апталарымыз күндей өтіп жатырма өзі деймін. (шүкір әр күнім үшін)
Уақыт.. Уақыт. Өзіне бағындырады керегін аладығой шіркін 1секундта тоқтамайдыда артқада шегінбейді🥺
Пост жазбағалыда біраз уақыт өтті я құрбым🌸
Бүгін сіздерге біраз тілек арнағым келеді. Сіздерге деген өз көңілімді білдірсем деймін❤️
Мені танымай, көрмей, білмей жақсы көргендеріңіз үшін жылы лебіздеріңізді білдіріп жан ашырлық танытып үлкендік ақылдарыңызды айтатындарыңз үшін мені сондай жақын тартып жақсы көретіндеріңіз үшін жақсы көремін сіздерді! Алысты жақын еткен қолымыздағы телефонымызға рахмет. Осындай мүмкіндік беріп қойған ең әуелі Аллаға алғысым шексіз!🥺❤️ әр күніміз Алланың бізге берген мүмкіндігі.
Шүкіршілік дәптеріме осындай аудиториям жиналып келеді шүкір деймін. Сіздерді дұғама қосып жүремін сабағымды сатып алған әр бір жанның Алла зейінін ашып хайырлы білім етсе екен деп тілеймін! Сіздерге сәттілік тілеп жұмыс барысында оңай әрі жеңіл тоқып шықса деп тілеймін! Сіз үшін дұғадамын менің оқушым!❤️ сіздерге тек пайдалы адам болсам ниетім!
Негізі бір күштііі пост жазғым келген бірақ ойым шашырап тек шүкір дей бердім . Менімен бірге болғаныңыз үшін рахмет🥺❤️ әр күні историямды қарап отырғаныңыз үшін рахмет!
Алла разы болсын! Сізденде бізденде!🤲❤️
сіздерге деген махаббатпен тоқымашы қыздарыңыз Дина🌸