Anara Ospanova Atelier

Anara Ospanova Atelier Дизайн, Улттык киiм улгилери

22/03/2026
09/03/2026

8 наурыз және шынайы қадір-қасиет
Көпшілік 8 наурызды әйел затының қадір-қасиеті мен дәрежесін көтеретін басты мейрам деп санайды. Иә, бұл күні гүл сыйлап, ілтипат көрсету — жақсы үрдіс.
Бірақ біз бір нәрсені ұмытпауымыз керек: адамзаттың ардақтысы Мұхаммед пайғамбарымыз (с.ғ.с.) осыдан 14 ғасыр бұрын, ешқандай күнтізбеге қарамай-ақ, әйел затының мәртебесін көкке көтеріп қойған еді.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) үшін әйелді құрметтеу — жылына бір келетін науқан емес, әр күнгі сүннет болатын. Ол кісі: «Жәннат — аналардың табанының астында» деу арқылы әйелдің дәрежесін, «Сендердің ең жақсыларың — әйелдеріне жақсы қарағандарың» деу арқылы ер адамның азаматтығын айқындап берді.
Өкініштісі, бүгінде 8 наурызды дүркіретіп тойлап, ал Пайғамбарымыздан қалған сол ұлы сүннетті — әйелге күн сайын құрмет көрсетуді, оның нәзік болмысын аялауды ұмытып бара жатқандаймыз.
Шынайы мейрам — әйелдің жылына бір рет гүл алғаны емес, оның күн сайын өз шаңырағында сыйлы, қадірлі және бақытты болуы. Сүннетті тек сөзбен емес, іспен жаңғыртайық.

8 наурыз — тек гүл мен сыйлықтың мерекесі емес. Бұл — әйел затының теңдігі, бостандығы мен ар-намысы үшін күрескен, тарих сахнасында өз қолтаңбасын қалдырған қайсар арулардың жеңіс күні.

08/03/2026

Осыдан тура 13 жыл бұрын, дәл осы көктемнің алғашқы мерекесі — 8 наурызда менің өмірімдегі ең үлкен бетбұрыс болған еді. Ата-анамның үкілеген үмітін арқалап, қия алмай тұрған туған еліме, жұртыма «хош» айтып, азаматыма шексіз сенім артып, босағасын аттаған болатынмын.
Бүгін, міне, сол «бақыт табалдырығын» аттағаныма 13 жыл толыпты. Осы уақыт ішінде өмірдің ыстығы мен суығын, қуанышы мен сынағын бірге бөлісіп, үлкен әулеттің түтінін түтетіп келеміз.
Ең алдымен, мені осы күнге жеткізген, ақ батасын беріп ұзатқан еліме, ағайын-жұртыма алғысым шексіз.
Білмегенімді үйретіп, өз мейрімділігімен, бауырмастылығын көрсеткен күйдемнен итермей, бауына баурай білген Қайын жұртыма алғысым шексіз.
Ал менің тірегім, қорғаным болған азаматыма айтар алғысым ерекше. Мен оған артқан сеніміңді ақтап, ошағымыздың берекесін бірге сақтап келе жатқанымыз үшін рахмет. Осыдан 13 жыл бұрынғы таңдауымның дұрыс болғанына күн сайын көз жеткізіп келемін. Алланың берген үлкен рахымы менмейрімі деп білем.Сенің сыйың мен құрметің мені әрдайым бақытты әйел сезіндіреді.
Бүгінгі мереке баршаңызға құтты болсын! Әрбір шаңырақта махаббат пен түсіністік салтанат болсын. Сүйікті болыңыздар, сүйікті қалыңыздар😘

05/03/2026

Мотивацияны осылай береміз😂

27/02/2026

Жасың өскен сайын сен өзіңді жоғалтпайсың. Керісінше — өзіңе жақындай түсесің.
Ескі версияңмен қоштасу — әлсіздік емес. Бұл — батылдық.
Бұл — жыланның терісін тастағанындай, тар болған қалыптан шығу.
Бір кездері саған шақ болған мінез, ойлау, орта, тіпті армандар да… енді саған сыймайды.
Жас қосылған сайын сен:
– Бәріне ұнауға тырысуды қоясың.
– Артық адамдардан үнсіз алыстайсың.
– Ішкі тыныштықты таңдауды үйренесің.
– “Жоқ” деуді ар санамайсың.
– Өзіңді дәлелдеуге емес, дамытуға күш саласың.
Бұрынғы сен — қателескен, сенген, күйген, үйренген.
Оған ренжудің қажеті жоқ.
Себебі дәл сол версияң бүгінгі мықты сенді жасап шықты.
Өсу — бұл жай ғана уақыттың өтуі емес.
Өсу — артық қабаттарды шешіп, шынайы өзіңе жету.
Кейде бұл процесс ауыр.
Кейде жалғыз.
Кейде түсініксіз.
Бірақ сен әр тастаған “терімен” жеңілдей түсесің.
Әр өзгеріспен өзіңе жақындайсың.
Ескі версияңмен әдемі қоштас.
Оған рақмет айт.
Сосын жаңа өзіңді батыл қарсы ал.
Сен өзгеріп жатырсың —
және бұл ең дұрыс бағыт👍

25/02/2026

Туған күнім келген сайын өз-өзіме үнсіз есеп беремін.
Өткен күндерге обратный отчёт жасап, жүріп өткен жолыма көз тастаймын. Әрбір қадам, әрбір сынақ, әрбір қуаныш — мені осы күнге жеткізген аманат екенін түсінемін.
Обратный санақпен артқа қарайлаған сайын, бүгінгі күнімнің қадірін тереңірек сезінемін.
Жеткен жетістігіме емес, берілген әр нығметіме шүкіршілік етемін.
Бұл күн — тек жас қосылған сәт емес,
жүректің толысқан, сананың өскен, ризашылықтың артқан күні.

Address

Aktau

Opening Hours

Monday 09:00 - 17:00
Tuesday 09:00 - 17:00
Wednesday 09:00 - 17:00
Thursday 09:00 - 17:00
Friday 09:00 - 17:00
Saturday 09:00 - 17:00

Website

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Anara Ospanova Atelier posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Share