Avenir_brand.kz

Avenir_brand.kz Contact information, map and directions, contact form, opening hours, services, ratings, photos, videos and announcements from Avenir_brand.kz, Apparel & Clothing, Мамыр-3-23/39, Almaty.

Нежное платье с длинными рукавами ( в наличии есть модель с короткими рукавами)• от 2-6 лет • 95% хлопок/ 5% лайкра
09/08/2022

Нежное платье с длинными рукавами ( в наличии есть модель с короткими рукавами)
• от 2-6 лет
• 95% хлопок/ 5% лайкра

Пижама с 2 - 7 лет с короткими рукавами.Ткань интерлок пенье 100% хлопок, производство🇹🇷Мы находимся по адресу ТРЦ ФОРУМ...
07/08/2022

Пижама с 2 - 7 лет с короткими рукавами.
Ткань интерлок пенье 100% хлопок, производство🇹🇷

Мы находимся по адресу ТРЦ ФОРУМ, 2 этаж qz

ТРЕНДТЕГІ КИІМДЕР ҚАНДАЙ?* 1-2 размер кең* Иығы төмен * Алдындағы қалтасы үлкен* Капюшоны барБұл худидің заманауи үлгісі...
24/12/2021

ТРЕНДТЕГІ КИІМДЕР ҚАНДАЙ?

* 1-2 размер кең
* Иығы төмен
* Алдындағы қалтасы үлкен
* Капюшоны бар

Бұл худидің заманауи үлгісі. Рахат: дүкеннен нан алып келуге, достармен кездесуге, балаңызды далаға серуенге шығарғанда да киіп аласыз да, жүре бересіз. Ыңғайлы және жылы.

Егер сізге худилердің моделі ұнамай жүрсе немесе бағасын қымбат көріп жүрсеңіз, үйден өзіңіз тігіп алыңыз! Ол үшін арнайы машинканың да керегі жоқ.

Ал оны қалай тігу жолдарын бүгін Гүлдана ханым сағат 21:00 де тікелей эфирде көрсетеді.

🤫Эфирге қатысқандарға Гүлдана ханым арнайы сыйлық 🎁дайындап отыр. Ал, қапы қалмаңыздар. 21:00 де парақшасында эфирде кездескенше

Сізді киімдердің жасалу жолы, дизайны қызықтыра ма?

ЛАЙКРА ДЕГЕН НЕ? Немесе неге 100% мақта емес😱?Ия, біздегі спорттық костюмдердің матасы 100 емес, 95% мақтадан тұрады. Не...
18/12/2021

ЛАЙКРА ДЕГЕН НЕ? Немесе неге 100% мақта емес😱?

Ия, біздегі спорттық костюмдердің матасы 100 емес, 95% мақтадан тұрады. Неге екенін білгіңіз келсе, лайк♥️ басып, сақтап алыңыз. Керек болады.

Спорттық костюмнің басты қызметтері:
✅ Еркін қимылдауға көмектесу
✅ Терлеу кезіндегі ылғал сіңіруі
✅ Денеге ауа өткізіп тұруы

Сондықтан спорттық киімді тек табиғи мақтадан (хлопок) тігуге болмайды. Мақта денеге жылу беретіндіктен, қимылдаған кезде денені қыздырады.

Мақта ылғал сіңіргіш болғанымен жылдам кеппейді. Ал лайкра ауа өткізгіш болғандықтан қызған денеңіздің температурасын бірқалыпты ұстап тұрады.

❎Теріңіз қатып, суық тиіп қалудың алдын алады.

Лайкра - беті тегіс, қолмен ұстағанда жібектей жағымды және жеңіл. Бұл еркіндік пен жайлылықтың кепілі. Сондықтан мақтаға 5% лайкраны әдейі қосады.

Бүгінде спорттық костюмдерді тек спортзалға кимейді. Оның бөліктерін классикалық киім, яғни юбка немесе туфлимен үйлестіріп кию трендте.

“Avenir” спорттық костюмінің салмақты да сәнді түстерімен гардеробыңыздағы кез-келген киіммен жарасымды болады.

Айман мен Шолпан киіп тұрған “Avenir” спорттық костюмі.
Бойы: 128-146 см. Бағасы - 16 000 тг
Бойы: 152-170 см. Бағасы - 20 000 тг

Сіздің өлшеміңізге қарай тапсырыс та қабылдаймыз! Сұрағыңыз болса👇

ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗ ТҰҒЫРЛЫ БОЛСЫН!Еліміз егемендік алғанына 30 жыл толды 🎉Біз оқырмандарымызға мерекеге орай сыйлық 🎁жасайм...
16/12/2021

ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗ ТҰҒЫРЛЫ БОЛСЫН!

Еліміз егемендік алғанына 30 жыл толды 🎉

Біз оқырмандарымызға мерекеге орай сыйлық 🎁жасаймыз деп шештік. Бір емес, 3 сыйлық 😱.

Әр сыйлықта:
• Құны 5 000 теңгелік бала костюмі
• Тәуелсіздіктің символы ретінде “Қазақстан” шоколады

✔️Костюмнің 2-7 жасқа дейін размері бар.

🌱Матасы 2х нитка футер. Құрамы - 95% мақта, 5 % лайкра.

Конкурсқа қатысу шарттары:
1. Осы постқа лайк басыңыз ♥️
2. Коментарийге 3 досыңызды белгілеңіз 📍
3. Сториске осы постты салып #авенир30жыл хештегін белгілеңіз!

17, 18, 29-желтоқсан күндері 3 жеңімпазды анықтап, сыйлықты үйіне жеткізіп береміз.

🇰🇿Конкурсқа Қазақстанның барлық қалалары қатысады.

Сапасы керемет 5000 теңге тұратын бала костюміне тегін ие болыңыз!

МЕН СІЗДІ ТҮСІНБЕЙМІНАустралияға келген турист жергілікті аборигеннен алыста секіріп жүрген жануардың атын сұрайды. Сонд...
09/12/2021

МЕН СІЗДІ ТҮСІНБЕЙМІН

Аустралияға келген турист жергілікті аборигеннен алыста секіріп жүрген жануардың атын сұрайды. Сонда абориген оны түсінбейді.

“Кен-Гу-Ру” деп жауап береді, яғни “Мен түсінбеймін”-дегені. Содан бері кенгуру атанып кеткен жануардың ерекшелігі - алдында үлкен қалтасы бар.

Сән әлемінде талғам дамыған сайын толстовкалардың неше түрі шыға бастады.

Солардың ішінде алдында үлкен қалтасы мен капюшоны бар толстовка - худи деп аталып кетеді.

Худиді кейбір елдерде кенгуру деп те атайды.

“Кенгуру” худиі жылы әрі жұмсақ. Матасы 3 нитка футер, жылылығымен (с начесом). Шалбарымен бірге сатылады.

Бағасы:
92-116 *5-11 900 тг
122-140*4-13 900 тг
146-164*4-17 900 тг
XS/S/M/L/-21 900 тг
XS/XXL/###L - 23 900 тг

Тапсырыс беру үшін: профильдегі сілтемеге өтіңіз. Немесе 87085203002 номеріне хабарласыңыз!

Үйге киетін жылы әрі жеңіл костюм.✅ Матасы - 2 нитка футер✅ Аллергиялық белгі бермейді✅ Баланың қимыл-қозғалысына кедерг...
02/12/2021

Үйге киетін жылы әрі жеңіл костюм.

✅ Матасы - 2 нитка футер
✅ Аллергиялық белгі бермейді
✅ Баланың қимыл-қозғалысына кедергі жасамайды
✅ Бала денесыне жұмсақ және жағымды әсер береді

Бағасы: 4 900 тг

TIGER 🐅Бағасы:Бойы 134-152 см - 21 900 тгXS, S, M, L, XL - 23 900 тгОтбасыңызбен бірге әсерлі сәттеріңізді естелік етіп ...
30/11/2021

TIGER 🐅

Бағасы:
Бойы 134-152 см - 21 900 тг
XS, S, M, L, XL - 23 900 тг

Отбасыңызбен бірге әсерлі сәттеріңізді естелік етіп қалдырғыңыз келе ме?

Қыстың алғашқы айында сіздерге жылы сыйлық жасағымыз келеді 🤗.

🎁Біздің соңғы коллекциялардан Family Look - ке тапсырыс берген отбасына супер акция жасаймыз. Жақында.

🌸 Сіз қатысар ма едіңіз?
🌸 Қандай акция болғанын қалайсыз?
🌸 Идея қосыңыз

TIGER⁉️Отбасыңызбен бірге әсерлі сәтті естелікке қалдырып, суретке түскіңіз келе ме?Қыстың соңғы айында акция ұйымдастыр...
30/11/2021

TIGER

⁉️Отбасыңызбен бірге әсерлі сәтті естелікке қалдырып, суретке түскіңіз келе ме?

Қыстың соңғы айында акция ұйымдастырсақ, қатысар ма едіңіз?

Біздің жаңа топтамаларға Family Look тапсырыс берген отбасына сыйлық жасағымыз келеді🎁

🌸Акция керек пе?
🌸Қатысар ма едіңіз?
🌸Акцияға қандай идея қосар едіңіз?

Cвитшот және спортивный шалбарБойы 92-116 см - 9 900 тг.  Бойы 122-140 см - 13 900 тгБойы 146-164 см - 17 900 тг,S, M, L...
26/11/2021

Cвитшот және спортивный шалбар

Бойы 92-116 см - 9 900 тг.
Бойы 122-140 см - 13 900 тг
Бойы 146-164 см - 17 900 тг,
S, M, L, XL - 21 900 тг
XXL, ###L, ###XL - 25900тг (тапсырыспен)

Сұрағыңыз болса төменге жазыңыз немесе 87085203002 номеріне ватсапқа хабарласыңыз!

СІЗДЕ НЕГЕ ХУДИ БОЛУ КЕРЕК? Таңертең ерте тұрып, жүгіру немесе жаттығу жасағанды әдетке айналдырдыңыз ба? Қазір күн суыт...
25/11/2021

СІЗДЕ НЕГЕ ХУДИ БОЛУ КЕРЕК?

Таңертең ерте тұрып, жүгіру немесе жаттығу жасағанды әдетке айналдырдыңыз ба? Қазір күн суытты, күртеше кисеңіз, далада еркін қимылдай алмайсыз.

Әр қозғалысыңыз сізге ыңғайсыздық туғызбас үшін худиді шалбарымен киюді ұсынамыз.

Кешкі серуенге шыққанда да жеңіл әрі жылы киініңіз! Худиді джынсы шалбармен де үйлестіруге болады.

🔸Матасы - 3 нитка футер
🔸Жылылығымен (с начесом)
🔸Ұлдарға да қыздарға да арналған

🏷Бағасы:
Бойы 92-116 см - 12000 тг
Бойы 122-140 см - 14000 тг
Бойы 146-164 см - 18000 тг
XS/S/M/L - 22000 тг
XS/XXL/###L - 26000 тг

Далаға шыққанда жаурап қаламын деп емес, сәнді келбетіңізбен бәрін баурап аламын деп алаңдаңыз❤️!

МҰРНЫНЫҢ ҮСТІ МОНШАҚТАЛЫП, ҚЫСТА ДА ТЕРЛЕП-ТЕПШІП ЕСІ ШЫҒАТЫН ТАНЫСЫҢЫЗ БАР МА?Онда сақтап алып, осы постты оған жіберің...
10/11/2021

МҰРНЫНЫҢ ҮСТІ МОНШАҚТАЛЫП, ҚЫСТА ДА ТЕРЛЕП-ТЕПШІП ЕСІ ШЫҒАТЫН ТАНЫСЫҢЫЗ БАР МА?

Онда сақтап алып, осы постты оған жіберіңіз! Рақмет айтады, Атвечаем😉

Қыс демекші, қылышын сүйреп ол да жақындап келеді. Ызғарынан ығысамыз-ақ...

Бір орында тұрмайтын, энергиясы “Эх, шіркін” деп тұрған баламызды қымтап, өзіміз терлетеміз. Ертеңіне суықтан хабар келіп, балаңызды күркілдетіп, “жамбасқа алып жығады”.

Одан да киім алғанда оның сәніне ғана емес оның сапасына мән беріңіз! Мысалы, двухнитка-футер матасынан тігілген киімдердің мынадай артықшылықтары бар:
✅ТАБИҒИ. Құрамы 100% мақта
✅ ЫЛҒАЛДЫ ТЕЗ СІҢІРЕДІ. Тершең баланың денесіндегі ылғалды өзіне өткізіп алады.
✅ АУА ӨТКІЗГІШ. Киім табиғи болғандықтан баланың терісі үнемі “демалып” тұрады
✅ ГИГИЕНАЛЫҚ ТАЗА. Бұл матадан нәрестелерге киім тігеді. Сондықтан ешқандай бактерия болмайды.
✅ АЛЛЕРГИЯЛЫҚ БЕЛГІСІ ЖОҚ. Бала денесіне жағымсыз әсері де иісі де болмайды.
✅ ЖЫЛУ САҚТАЙДЫ. Ауа еркін алмасып тұрады, мата қажетті температураны ұстап тұрады.
✅ТЫҒЫЗДЫҒЫ. Мұндай киімді балаңыз ұзақ киеді, шынтағы тізесі шығып, созылмайды. Түсі де ұзақ сақталады

Ал сәні мен сапасы үйлесіп тұрса, тіпті жақсы. Біз баланың сапалы киінгенін қалаймыз, сондықтан маталарын Түркиядан әкеліп тігеміз.

Әлі де сұрағыңыз бар ма? Онда 87085203002 номеріне ватсапқа жазыңыз.

P.S: Двухнитка-футерден тігілген киімдерді суретті солға жылжытып көре аласыз. 10-қарашаға дейін 50% жеңілдікпен сатып алу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз!

Address

Мамыр-3-23/39
Almaty
050036

Website

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Avenir_brand.kz posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Share