03/04/2026
Біз облыс әкімінің бастамасын толық қолдаймыз 🙌
Қаламыздың тазалығы – тек коммуналдық қызметтердің емес, әрқайсымыздың ортақ жауапкершілігіміз. Таза көше, көрікті аула, ұқыпты орта – өзіміз үшін, болашағымыз үшін маңызды.
«Таза Қазақстан» – бұл бір реттік акция емес, күнделікті өмір салтымыз болуы керек. Әр тұрғын, әр кәсіпкер өз аумағын таза ұстап, тәртіпке мән берсе – қаламыз одан да көркейе түседі 🌿
Біз өз тарапымыздан тазалықты сақтауға, қоршаған ортаны күтіп ұстауға әрдайым үлес қосамыз. Баршаңызды осы игі іске белсенді қатысуға шақырамыз!
Таза қала – жарқын болашақ! 💚